Қоғам

Тоқаевқа үндеу: Шымкент тұрғындары қаңтар оқиғасының әділ зерттелуін талап етіп жатыр

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Шымкентте кеше, 20 қаңтарда бір топ адам Қазақстан президентіне үндеу жолдады. Олар Тоқаевты Қанды қаңтар оқиғасына қатысты істердің әділ тергеуін қамтамасыз етуге шақырды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Жиналғандар арасында қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандардың туыстары, қарапайым халық, тұтқындалғандардың туыстары мен белсенділер бар. Олар Қасым-Жомарт Тоқаевты Қанды қаңтарға қатысты барлық істерді объективті тергеуге кепілдік беруге шақырды.

Жиналғандар арасында 5 қаңтарда Алматыда өлтірілген 22 жастағы Ансар Исламның анасы да бар. Ол қала билігі ұлының денесін эксгумациялау туралы шешім қабылдаған соң Жоғарғы сотқа шағымданғанын айтты. Жазира Жандарбекованың өзі мұндай шараларға үзілді-кесілді қарсы болып, өз ұстанымын соңына дейін қорғаймын деп отыр.

«Мен өлсем де баламның денесін қазып алуға жол бермеймін. Оны кім, не үшін атқанын анықтасын», — дейді Жандарбекова.