Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comТанылмаған ДНР және ЛНР өз аумақтарын атқылау туралы хабарлауды жалғастырып жатыр. Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, бірнеше снаряд Ресейге ұшып кеткен. Украина екі сарбаздың қаза тапқанын және танылмаған республикалардан атыстың көбейгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Донецк және Луганск республикаларының мәліметінше, 20 ақпанда украин жағы 30-дан астам қалаға шабуыл жасаған. Түстен кейін БАҚ-та ЛНР-ны атқылау кезінде екі бейбіт тұрғынның қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Ресейдің тергеу комитеті бұл өлімді тексеруге уәде берді. Айта кетейік, мойындалмаған республикалар Ресей Федерациясының құрамына кірмейді.
Бейбіт тұрғындардың қазасы туралы хабарлама Украина тарапы 19 ақпанда мойындалмаған республикалардан күшейген атқылау кезінде екі сарбаздың қаза тапқаны туралы мәліметтерді жариялағаннан кейін пайда болды. Хабарда шабуылдарда бес әскердің де жараланғаны айтылды.
Кейбір ресейлік БАҚ Украина тарапынан бірнеше снаряд Ростов облысына дейін ұшып, екі үйге зақым келгенін хабарлады. Ал Украина мұндай шабуылдар болмағанын айтты.
Украина президенті Владимир Зеленский мойындалмаған республикалардың шабуылдары мен мәлімдемелерін арандатушылық деп атады. Оның айтуынша, бұл - соғысты бастаудың әдістері.
Донбастағы қақтығыс 17 ақпанда өршіп кетті. Содан кейін мойындалмаған республикалардың басшылары Украинадан атылды деген алғашқы оқтарды жариялады. 18 ақпанда тұрғындар аймақтардан шұғыл эвакуациялана бастады. Босқындарды ресейлік тарап қабылдайды. Ол үшін уақытша қабылдау пункттері орналастырылып, босқындарға әрқайсысына 10 000 рубльден төлеу туралы қаулыға қол қойылды.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61