COVID-19
Microsoft компаниясының негізін салушы Билл Гейтс COVID-19-дың қауіпі айтарлықтай сейілгенімен алдағы уақытта тағы бір пандемия болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Business Insider басылымына сілтеме жасап.
Жыл сайынғы Қауіпсіздік бойынша Мюнхен конференциясында сөз сөйлеген Гейтс COVID-19-дың қауіпі бірден сейілгенін айтты.
«Аталмыш инфекция салдарынан кәрілік, семіздік немесе диабеттен зардап шегетін жандарда қауіпті аурудың пайда болу мүмкіндігі бірден азайды», - деді ол конференция барысында.
Алайда Гейтс алда тағы бір пандемия болуы мүмкін екенін айтты.
«Бізде тағы бір пандемия болады. Жаңа пандемия коронавирустар тобынан өзгеше патогенмен байланысты болады», - деп қосты.
Гейтстің сөзінше, егер инвестицияны қазір салса, медициналық технологиялар саласындағы соңғы жетістіктер жаңа пандемияны жеңуге көмектеседі.
«Егер әр мемлекет Австралияның істегенін қайталаса, мұны пандемия деп атауға да келмес еді», - дейді кәсіпкер.
Айта кетейік, бұған дейін Билл Гейтс әлемді климаттық апаттан құтқарудың жолын атаған еді. Ол бұл үшін бизнестің бағытын өзгертуді ұсынған.