Bugin
Сыбайлас жемқорлықты және ұйымдасқан қылмысты зерттеу орталығы (OCCRP) швейцариялық Credit Suisse банкінің ашылған банктік шоты деректеріне негізделген жаңа тергеуді жариялады. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Тергеуде Қазақстанның бірінші және екінші президенттерінің, Өзбекстанның бұрынғы президенті Ислам Кәрімовтің туыстарының және басқалардың есімдері бар.
Орталық Азия тұрғындарының шоттары арқылы өткен ең көп сома Әлішер Усмановтың әпкесіне тиесілі. Оның жалпы көлемі 2 миллиард доллар. Одан кейін салымдары мен қозғалысы бойынша Тимур Құлыбаевтың ақшасы: 2006-2012 жылдар аралығында ол осы банк арқылы 900 миллион доллар жұмсаған. Дариға Назарбаева 2008-2012 жылдар аралығында Credit Suisse шоттары арқылы 20 миллион доллардан астам қаражат жұмсаған.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұрынғы әйелінің шотында 1998 жылдан 2011 жылға дейін тіркелген ең жоғары сома 1,7 миллион долларды құрайды. Ол кезде Надежда AB Petroleum Capital мұнай компаниясының құрылтайшысы болған.