Weekend

Шыңғысханның қыз тәрбиесіндегі қағидалары

Атақты патшадан өрбіген қыздар жайлы не білесіз?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Моңғолдардың ұлы билеушісі Шыңғысханның(1155-1227) ержүрек ұлдарының даңқты ерліктері жайлы аңыз-әпсаналарды тарихи еңбектер мен зерттеулерден көптеп оқыған шығарсыз. Ал, атақты патшадан өрбіген қыздар жайлы не білесіз? 

Шыңғысханның жарты әлемді жаулаған ұлы державаның негізін салуында ұлдарымен қатар қыздарының да саяси рөлі орасан зор болды. Ол қыздарын көршілес мемлекеттердің билеушілеріне ұзатуға бейім болған. Бірақ, ұлы ханның болашақ күйеу балаларына қоятын талап-тілектері тым қатаң еді. Шыңғыс әулетіне күйеу бала болуға үміткер билеуші өзінің оған дейін үйленген барлық әйелдерінен ажырасуға тиіс болды. Осылайша, Шыңғысхан өз қыздарының көршілес елдердегі тақ таласында салмақты үміткер болып қалатынын түсінген.

Құдалық қамы бітіп, неке қиылып болған соң билеушілер әскер басында майдан даласына аттанған. Алайда, билеушілер ол соғыстардан тірі шықпаған, бірі-жау қолынан ажал құшса, ал бірі - өз оққағарлары жер жастандырған (әрине, Ұлы ханның пәрменімен). Дәл осындай құйтырқы саясаттың себебімен елдегі барша билік Шыңғысхан қыздарының қолына өтіп отырған.

Жылнамашылардың жазуынша, Ұлы ханның өлер шағында оның қыздары Сары теңізден Каспий теңізіне дейнгі ұлан-ғайыр атырапта билік жүргізген деседі...