Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин кездесетін болып шешті. Кездесетін орын – Еуропа. Бұл жайлы француздың Елисей сарайының баспасөз қызметі хабарлады.
Қырғи-қабақ екі елдің басшысын кездесуге шақырған – Францияның президенті Эмманюэль Макрон. Екі елдің президентіне телефонмен хабарласып, кездесу ұйымдастырғысы келетінін айтқан. Ал оған дейін Ақ үй әкімшілігі Байденнің Путинмен кездесуге дайын екенін жеткізген. Бірақ кездесу үшін "Ресей Украина аумағына басып кірмеуі керек" деген шарт қойған еді.
Енді 24 ақпан күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров кездесетін болып келісті.