Bugin
Социал-демократ, Баден-Вюртемберг федералдық ландтагының депутаты Йонас Вебер (Jonas Weber) Баден-Бадендегі Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әулетінің мүлкін тәркілеуді ұсынды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Deutsche Welle сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Вебер Германияның күшті демократиялы ел ретінде автократтар мен бұрынғы билеушілер үшін сенімді баспана емес екенін көрсетуі керек деп санайды.
- «Бізде ғимараттарды, ескерткіштерді қорғау туралы заңмен тәркілеу мүмкіндігі бар. Өйткені әңгіме тарихи жәдігерлер туралы болып тұр. Булерхей – бұл ежелгі және әйгілі дәстүрлер қалыптасқан қамал-қонақ үй. Бұл жай ғимарат емес, біз үшін өте маңызды мұра. Сондықтан, менің ойымша, керек емес адамдардың қолында болмауы керек. Міне сол себепті біз бұл іске араласамыз. Мұнда практикалық аспект бар. Бірнеше жылдан бері бос тұрған зәулім сарайлардың ендігі тағдырын елестетіп көріңізші», - деді Джонас Вебер сұхбатында.