Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comҚазақстан Президенті бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады. Мемлекет басшысы рәсім барысында 2022 жылдың тарихи дата, яғни Қазақстан мен олардың елдері арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығы екенін атап өтті. Бұл туалы Bugin.kz порталы Ақорда баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сонымен қатар, Президент 2022 жыл қазақ халқы үшін ауыр сынақпан басталғанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың табандылығы мен ұжымдық парасаттылығының арқасында мемлекеттік төңкеріс жасаушыларға тойтарыс берілгенін, ал бүлікшілер мен бұзақылардың жауапқа тартылғанын жеткізді.
– «Қаңтар оқиғасынан» кейін мен кек алуға немесе жікшілдік жасауға ұмтылмаймын. Ел Президенті ретінде Қазақстан азаматтарының жікке бөлінуін емес, бірігуін аса маңызды басымдық санаймын. Сондықтан Жаңа Қазақстан тұжырымдамасын ұсындым. Бұл құжат этносаралық келісім мен көпвекторлы сыртқы саясат сияқты айқын жетістіктерімізден бас тартпай, өткен кезеңде жіберілген әділетсіздіктерден құтылуға негізделген. Менің жасампаз жұртым бұл сынақтан бұрынғыдан да күшті, берекелі, болашағынан үміт күтетін және өз мемлекеттілігін, егемендігін және аумақтық тұтастығын сақтауға белін бекем буған халық болып шығады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.