Bugin

ІІМ Назарбаевтың немере інісі мен Мәсімовтің ағасына қатысты істі тергемейтін болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ішкі істер министрлігі полиция Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбіш, бұрынғы премьер-министр Асқар Мамин және Павлодар облысы ішкі істер департаментінің бұрынғы басшысы Нұрлан Мәсімовке қатысты тергеу жүргізбейтінін мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

- «Ішкі істер органдарында сіздің өтінішіңізде көрсетілген тұлғаларға қатысты қылмыстық істер жүргізілмей жатыр», - деп қысқаша жауап берді ІІМ.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның орынбасарларының ісін ҰҚК өзі тергеп жатыр. Олар мемлекетке опасыздық жасады және билікті басып алмақ болды деген күдікке ілінді.