Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАқ үй Ресейге қарсы тағы бір санкцияны дайындап жатыр. Атап айтқанда, ресей банктерінен америка банктері арқылы ірі көлемде ақша аударылса, соған бұғат қойылмақ. Бұл жайлы Reuters хабарлады.
Әзірше нақты қай банктерге санкция салынғаны белгісіз. Reuters-тің жазуынша, ВТБ, Сбербанк, ВЭБ бен Газпромбанк сынды банктері санцияға ілінуі мүмкін.
Сондай-ақ, АҚШ билігі орыс әкімшілігіне қарасты шенеуніктер мен кәсіпкерлерді, бірнеше заңды тұлғаларды қара тізімге қосуды да ойлап отыр. Ондай жағдайда қара тізімге ілінгендер АҚШ азаматтарымен сауда-саттық жасай алмайды, банк жүйесінен алынып тасталады.
Санци тізбегі дайын болғанымен, әлі енгізілмеді. Ресей Украинаға басып кірсе ғана, санкция салынбақ.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61