Bugin

Қаралы қаңтар: Қазақстанда 52 адам сотталды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаңтар оқиғасына қатысты 2729 қылмыстық іс қозғалып жатыр. Оның 86-сы сотқа беріліп, 52-сі бойынша сот процесі өтті. Бұл жайлы ІІМ тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов айтты, деп хабарлайды Orda.kz.

Әділовтың айтуынша, қазір тәртіп сақшылары қарамағында 255 адамға қатысты 2729 қылмыстық іс қозғалып жатыр. Оның 1844-і ұрлық бойынша, 343-і заңсыз қару айналымы, мүлікті құрту бойынша 144 іс қозғалуда.

"Тергеу органдары 107 азаматқа айыптау актісі бойынша қылмыстық іс ашқан. 65 адам қару ұрлағаны, 11-і қару сақтағаны үшін айыпталып отыр. Қазіргі уақытта 52 адам сотталды: 39-ына бас бостандығын шектеу, 13-сі бас бостандығынан айыру жазасы берілді", - деп толықтырды Санжар Әділов.

Тергеу жұмыстары жалғасуда. Полицейлер жоғалған қаруды іздеп жатыр. Қазіргі уақытта 1006 дана қару мен 20307 оқ-дәрі табылды.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61