Bugin

Назарбаев 8 млрд доллар байлығын қалай иеленіп отыр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Журналисттік зерттеу бюросы (TBIJ) Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2020-2021 жылдары Ұлыбританияда тіркелген Jusan Technologies холдингі туралы, 30 жылда жинаған 8 млрд доллар активі жайлы баяндамасын жариялады. Баяндаманы жариялаған The Daily Telegraph атты британ басылымы.

Баяндамада айтылғандай, Назарбаевтың атын жамылған қазақстандық үш қорды (оның ішінде Н.Назарбаев атындағы қор да бар) 2020 жылы тіркелген Jusan Technologies холдингі басқарады екен.

TBIJ мәліметінше, Jusan Technologies холдингі "нағыз корпоративті байланыстың өзегінде тұрған алып компания" екенін айтады әрі оның үлесінде Біріккен Араб Әмірлігімен тығыз байланысты қазақстандық элитаның байлығы жасырынып жатқаны айтылған.

"2021 жылы қазан айындағы есепте Jusan Technologies холдингі иелігінде 7,8 млрд доллар актив болған. Оның ішінде АҚШ-тың қазына облигациялары да бар. 3 млрд доллары қолма-қол ақша", - делінген баяндамада.

TBIJ мәліметінше, Jusan Technologies холдингі ішінде банк, телекоммуникация компаниясы, сауда-саттықпен айналысатын кәсіпорындар тіркелген. Олардың көбі Қазақстанда орналасқан, кейбірі БАӘ мен АҚШ-та, Люксембург пен Ұлыбританияда орналасқан.

"Jusan Technologies-тің 2020 жылғы таза табысы $550 млн болған, ал жалпы таза активі – $1,6 млрд", - делінген баяндамада.

Баяндама авторларының айтуынша, холдингтің негізгі бизнес құрылымы – Қазақстанда орналасқан First Heartland Jusan Bank банкі екен. Банк төрағасының орынбасары – Ербол Орынбаев. Назарбаевтың бұрынғы көмекшісі әрі экс-премьер-министр. Қазір Jusan Technologies компаниясынан 4,6% үлесі бар.

Баяндамада аты аталған тұлғалардың бірі – Назарбаевтың жиен қарындасына үйленген Ғалымжан Есенов. Ол – Ахметжан Есеновтің жиені. Оның First Heartland Jusan Bank банкіндегі үлесі – 20 пайыз.

Журналистер 2021 жылдың соңында Jusan Technologies холдингінің иегері ауысып, енді ол Jysan Holdings LCC атты бейкоммерциялық ұйымға қарайтынын да анықтаған. Ал бұл ұйымды басқаратын – NU Generation Foundation. Ал оның басшысы – Нұрсұлтан Назарбаев атындағы қордың төрағасы Аслан Саринжипов. Ол 2013-2016 жылдаы білім министрі болған.

Қазір бұл бизнес-империяның басшылығы АҚШ-та отыр.

"Назарбаевтар әулеті активтерін Ұлыбританияға жасыруы мен орналастыруының өзіндік себебі бар. Демек Ұлыбритания оның байлығына кепілдік береді деген сөз. Қазір қазақстандық элита британ билігімен ауыз жаласуда. Одан құқық пен қорғаныс алуға ұмтылып жатыр", - деп жазады бұл оқиға қатысты Коммерсантъ басылымы.

Алайда Ұлыбританияның парламентариясы елдің клиптократия мен диктаторларға қаржылық жұмаққа айналғанын қаламайды. Сондықтан жақында депутат Маргарет Хэдждің жемқор қазақстандық элита жайлы айтқан ойы соған дәлел.