Әлем

Әзербайжан президенті одақтастық туралы декларацияға қол қою үшін Мәскеуге келді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей мен Әзірбайжан президенттері одақтастық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қоюды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bugin.kz порталы bbc.com сайтына сілтеме жасап.

Кремльдің хабарлауынша, дүйсенбі күні Мәскеуге ресми жұмыс сапарымен келген Владимир Путин мен Ильхам Әлиев саясат, экономика және гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамытуды талқылауға ниетті екендіктерін білдірді.

«Келіссөздер нәтижесінде Ресей мен Әзірбайжан арасындағы қарым-қатынасты одақтастық деңгейге жеткізетін одақтастық ынтымақтастық туралы декларацияға қол қойылады», - делінген Кремль сайтында.

Сондай-ақ сейсенбі күні Путин мен Әлиев Таулы Қарабах және Оңтүстік Кавказдағы экономикалық және көлік байланыстарын қалпына келтіру жөніндегі келісімдердің қалай жүзеге асырылып жатқанын талқылайды.

Владимир Путин жақында екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығының болатынын және бұл датаны қалай тойлау керектігін айтып өтті.

Ресей президенті екі елдің табысты экономикалық ынтымақтастығын атап өтіп, Ильхам Әлиевке орыс тілін қолдағаны және дамытқаны үшін алғыс айтты. Бұл Путиннің айтуынша, Әзірбайжан Ресеймен байланысты нығайтуға ұмтылып жатқанын көрсетеді.