Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comЕуроодақ Қырымда Мемлекеттік Думаға сайлауды ұйымдастыруға байланысты бес ресейлікке қарсы санкция салды. Бұл туралы ЕО-ның ресми құқықтық сайтында айтылған, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Санкциялық тізімге Қырым округтерінен сайланған Мемлекеттік Дума депутаттары Алексей Черняк, Леонид Бабашов, Татьяна Лобач, сондай-ақ Қырым мен Севастополь сайлау комиссиясының басшысы мен басшысының орынбасары Нина Фаустова мен Александр Чмыхалов кірді.
«Қара тізімге енгізілгендер Украинаның аумақтық тұтастығын, егемендігі мен тәуелсіздігін бұзады немесе оған қауіп төндіреді», - делінген құжатта.
Айта кетейік, өткен жылдың күзінде де Украина Қырымдағы Мемлекеттік Дума сайлауына қатысушыларға қарсы санкциялар салған болатын.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61