Bugin
Кешегі түн посткеңестік елдерде және халықаралық аренада ірі оқиғалардың куәсі болды. Басты тақырып – Украина мен Ресейдің қарым-қатынасы.
Тәуелсіздікті мойындау
- РФ президенті В.Путин Қауіпсіздік кеңесін шақырып, түнде мәскеу уақытымен 00.00-де Украина құрамына енетін Донбас халық республикасы мен Луганск халық республикасын тәуелсіз елдер деп жариялап, құжатқа қол қойды. Ал Украинаның территориясын кеңестік кезде қолдан жасалған елдің аумағы деп атап, оны да кеңестік Ресей Федерациясының құрамынан шыққан ел деп баға берді.
- Кейін Путин ДХР мен ЛХР аумағында бейбітшілікті қамтамасыз ету үшін орыс әскерін орналастыруды тапсырды.
- Путин ДХР басшысы Пушилин мен ЛХР басшысы Пасечникпен достастық туралы келісімге қол қойды. Келісім 10 жылға арналған. Құжатта әскерді бірігіп қолдану, Донбастың шекарасын қорғау және екі ел бір-бірімен әскери базасын пайдалану шарттары қаралған.
Ресейге қарсы санкция
Бұл оқиғадан кейін әлем елдері Ресейге қарсылық танытушы елдер көбейді. Батыс елдері Ресей Минск келісімшартын бұзды деп айыптап, АҚШ президенті Джо Байден ДХР және ЛХР-мен кәсіп жүргізуге толық тыйым салды. Ұлыбритания да санкция салудың жолдарын бүгін қарастырмақ.
ЕуроОдақ ойланып отыр. Кейінгі ақпараттарға қарағанда, ЕО біртіндеп санкция шараларын қолға алмақ.
Жапония билігі де Ресейге қарсы санкция салуды талқылап жатыр. Жасанды инттелект саласындағы өнімдерді орыстарға сатуға тыйым салатын көрінеді.
Украинаның әрекеті
Украина президенті В.Зеленский де Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп мыналарды мәлімдеді:
- Украина ДХР мен ЛХР-ді тәуелсіз ел ретінде мойындамайды және Ресейдің мойындауында еш құқықтық негіз жоқ;
- Киев билігі Ресейдің бұл әрекет арандатушылық деп бағалайды әрі арандатуға жол бермейді;
- Киев әкімшілігі өзге елдерден Ресейге қарсы санкциялар салуды өтінеді;
- Украина елшілігі дау-дамайдың алдын алу үшін барлық дипломатиялық арсеналын іске қосады.