Bugin
Қазақстан Республикасының бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектанов ресми түрде 2 ай мерзімге қамауға алынды. Бұл туралы Bugin.kz порталы хабарлайды.
Нұр-Сұлтан соты Қазақстанның бұрынғы қорғаныс министрі Мұрат Бектановты қамауға алу туралы үкім шығарды. Соталды тергеп-тексерудің басқа деректері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайтыны айтылды.
Еске салайық, Президент Мұрат Бектановты қаңтар оқиғасы кезінде әрекетсіздігі үшін сынаған болатын.