Bugin
ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов «Қазақстанның Даму банкі» АҚ (ҚДБ) қызметін реформалау мәселелері бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Реформалар Қазақстанның Даму Банкі ел үшін стратегиялық және экономикалық маңызы бар өтелу мерзімі ұзақ ауқымды және капиталды қажет ететін инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өнеркәсіптік өндірісті қаржыландыруға басымдық беруі керектігін білдіреді.
- «ҚДБ жаңа өндірістерді құруды қаржыландыруға назар аударуы керек. Қызметтің ашықтығын арттыру, бизнес-процестерді оңтайландыру, цифрландыру және банк қызметтеріне қолжетімділікті кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру қажет» - деді Смайылов.