Bugin
Қоғам қайраткері Әлихан Бәйменов президент Тоқаевтың келесі сайлаудағы мүмкіндігі туралы «Қасқа жол» бағдарламасына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
- «Қазір халықтың үміті көп. Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде құрбан болғандардың жақындарын қазір жұбату мүмкін емес. Бірақ «олар Жаңа Қазақстан құруға жол ашып берді» деп кейін ұрпақтар айта алуы керек. Олардың ұрпақтары «менің атам әділет, абырой үшін шықты», «менің атам Тәуелсіз Қазақстан үшін шықты», «менің атам өзінің жанын құрбандыққа түйіп, Қазақстанға оң өзгерістерді бастап берді» дей алуы керек.
Қазір олардың аруақтарының алдындағы парызымыз –реформалар жүргізу. Шамалыдан кейін қайтадан анау қорға 10-15 млрд бергендер бұрынғы рөлін ойнайтын болса, сол арқылы өзіне жағдайын сатып алса, онда қиын болады. Сол себептен ол сайлаудағы мүмкіндігі өзінің осы жылдардағы батыл реформаларына байланысты. Оның ішінде саяси реформалар, әділ сайлауды енгізу, сөз бостандығымен қамтамасыз ету және экономикадағы, мемлекет басқарудағы, ақпарат жүйесіндегі реформалар» деді Бәйменов.