Bugin

Елде утилизация алымына байланысты көлік арзандайтыны рас па?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 22 ақпан күні ақпарат құралдарына берген сұхбатында «елде утилизация алымына байланысты көлік арзандайды» деген болжамды жоққа шығарды. Бұл туралы Bugin.kz порталы Azattyq.org сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

– «Халық утилизация алымын алып тастаса немесе азайтса, көлік арзандайды деп ойлап отыр. Статистикаға қарайықшы. Мысалы, өзімізде шыққан көліктерге бір тиын утилизация алымы төленбейді. Былтыр 105 мың жеңіл көлік сатылса, 64 пайызы отандық өнімдер. Оларға утилизация алымы төленген жоқ. Трактор бойынша 89 пайызы – өз өніміміз, автобустардың 74 пайызы өзімізде шығарылған. Яғни утилизация алымын азайтса да, көбейтсе де олардың бағасы сол күйінде қалады. Ал шетелден келетін [көліктер] бағасы да арзандамайды деп ойлаймын. Себебі олар (өндірушілер мен сатушылар – ред.) ертеңгі күні бағаны түсіретінін біліп, бағасын кемітпейді. Тек олардың өз қалтасына түсетін ақша көбейер, ал бағасы сол күйінше қалады», - деді министр.