Bugin

Телефонмен ақша аудару: Кімнің қаржысы бақылауда болады?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда келесі жылдан бастап мобильді ақша аударымдары салық органдарының бақылауына өтеді. Банк қызметкерлері керек ақпаратты салық органдарына өткізіп отыратын болады.

"Салық органдары нақты кімдердің ақша аударымын бақылауға алады?" дегенге келсек, ең алдымен 2023 жылдан бастап шенеуніктердің интернет банкингі мен мобильді банк қосымшасы бақылауға алынбақ. Сондай-ақ, келесі жылдан бастап шенеуніктер табыс декларациясын үкіметке өткізіп отырады.

Ал қалған азаматтардың ақша аударымдары 2026 жылдан бастап бақылауға алынбақ. Яғни, ақша аударымын бақылау табыс декларациясы міндеттелгеннен кейін қолға алынады. Сонымен бірге жүретін процесс.

Бұл үдеріс кезең-кезеңімен енгізіледі.

- І-кезең. 2023 жылдан бастап – шенеунік пен оның жұбайының ақша аударымы тексеріледі. Бір айта кетерлігі, банктер келесі жылы салық органдары ақша аударымы жайлы деректерді сұрастырғанда, 2022 жылдың мәліметтерін береді.

- ІІ-кезең. 2024 жылдан бастап – бюджет қызметкерлері мен олардың жұбайы, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен жұбайы. Олардың 2023 жылға деректері тексеріледі.

- ІІІ-кезең. 2025 жылдан бастап – жеке кәсіпкер мен олардың жұбайы. Оларға 2024 жылдың деректері беріледі.

- IV кезең. 2026 жылдан бастап – елдің басқа тұрғындары. Олардың 2025 жылғы деректері тексеріледі.