Bugin
Ресей президенті В.Путин Донбас пен Луганск облыстарын тәуелсіз ел деп мойындағаннан кейін, Батыс елдері бұған қарсылық білдіріп, санкция шараларын бастады.
Ұлыбритания
Ұлыбритания бүгін Ресейдің ірі 5 банкі мен Геннадия Тимченко, Игорь мен Борис Ротенберг сынды орыс олигархтарына қарсы санкция жариялады. Мұны британияның премьер-министрі Борис Джонсон мәлімдеді.
"Олардың активтері бұғатталады әрі елге кіруіне тыйым салынады. Бұл санкцияның бірінші толқыны ғана", - деді ол.
Ал 5 банктің британ банктері арқылы ақша аударымына тыйым салынады.
ЕуроОдақ
ЕуроОдақ санкция пакетін әлі дайындап жатыр. Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, Еуроодақ ресейдің Донбас пен Луганскідегі сепаратистерді және әскери іс-қимылды қаржыландыратын банк мен қаржылық ұйымдарға қарсы санкция енгізбек.
Сондай-ақ, Донбас пен Луганскіден пайдалы қазбаларды сатып алу мен сауда-саттық жүргізуді тоқтатпақ.
Одан бөлек, Еуроодақ аталмыш екі елдің тәуелсіздігіне мойындауға атсалысқан Ресей Мемлекеттік думасының 351 депутатын және тағы 11 ресей азаматына қарсы санкция енгізбек ниетте. Ондай жағдайда бұл депутаттардың Еуропадағы есепшоттары бұғатталады.
ЕуроОдақ ДХР мен ЛХР-де таратылған ресей төлқұжатын мойындаудан толық бас тартты. Демек, бұл елдің азаматтары Еуропаға шыға алмайды.
АҚШ
АҚШ ресей банктерінің америка банктері арқылы ақша аударуына толық тыйым салмақ. Сондай-ақ, Донбас пен Луганскідегі кәсіпкерлермен сауда-саттық жүргізуден бас тартпақ.
Германия
Неміс билігі "Солтүстік ағым – 2" газ құбырын сертикифакациядан өткізуді тоқтататынын мәлімдеді. Ал сертификат болмаса, Ресей Еуропаға газ сата алмайды. Еуропа елдері Ресейден газды одақ аумағындағы газ бағасын түсіру үшін сатып алмақ болған.