Bugin

Тоқаев: "Самұрық-Қазына" менің бақылауымда болуы тиіс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Самұрық-Қазына" әл-ауқат қорында болған заңбұзушылықтар тікелей маған айтылып отыру тиіс" деп мәлімдеді. Мұны Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Ел нарығы мен маңызды салаларын осы күнге дейін олигополия басқарып келді. Бұған заңнама жүзінде тоқтау салып, нүктесін қоюымыз керек. Осы жылы бәсекелестік дамыту жайлы заң жобасында сол мәселені егжей-тегжей қарастырамыз", - деді Тоқаев инвесторлармен кездесуде.

Оның айтуынша, "Самұрық-Қазына" қорын түбегейлі қайта құру жұмыстары жүріп жатыр.

"Әкімшілік ресурстардың есебінен тапсырыс алған компаниялар өздерінің артықшылықтары мен келісім-шарттарынан айрылуда. Қордың инвестициялық жобаларының топтамасы – шамамен 3,5 триллион теңге. Бұдан былай барлық жобалар ашық әрі конкурс негізінде халықаралық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылатын болады. Егер, олай болмай жатса, бірден маған тікелей хабарлаңыздар. Өйткені бұл – менің президенттік қызметімдегі аса маңызды іс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.