Bugin
«Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасымен келісім бойынша «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен «QazaqGaz» ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып Жаркешов Санжар Серікбайұлы тағайындалды. Бұл туралы Bugin.kz порталы басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
2008 – 2010 жылдары «Мұнай және геожүйелік инжиниринг орталығының» химиялық технологияларды қолдану жолымен мұнай-газ беруді арттыру жөніндегі инженер-зерттеуші болып істеді, Остин қ., Техасс шт. (АҚШ).
2010 – 2016 жылдары «ExxonMobil» корпорациясында Калифорния, Колорадо, Техас (АҚШ) штаттарында және Атырау облысында бұрғылау инженері, Иракта – бұрғылау аға инженері, Ресей Федерациясында – бұрғылау бас инженері (Сахалин аралы), Атырау қаласында – «Қашаған» жобасының мұнай және газды кешенді дайындау қондырғысында ұңғымаларды жайластыру жөніндегі аға жобалау инженері болып жұмыс істеді.
2016 – 2018 жылдары – Шотландияның Перт қаласындағы «Merlin ERD» компаниясында кәсіпшілік супервайзерлердің жетекшісі және бұрғылау жөніндегі жетекші инженер болды.
2018 – 2019 жылдары – Колумбия, Оман, РФ, Аляска штаты (АҚШ) және Ұлыбританиядағы жобаларда «McKinsey and Company» Лондондық офисінде мұнай-газ өнеркәсібінің басқарушы кеңесшісі және жаһандық сарапшысы болды.
2019 – 2020 жылдары – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі, геология саласына жетекшілік етті.
2020 жылғы мамырдан бастап 2022 жылғы ақпанға дейін – «Нафтогаз УГВ» Бас директорының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары – Украинаның «Нафтогаз» ұлттық мұнай-газ компаниясының «Барлау және Өндіру» дивизионы директорының орынбасары.
С.С. Жаркешов Британдық Инженер-Механиктер Институты Кеңесінің мүшесі, Британдық «Кәсіпқой-Инженер «Chartered Engineer» атағының иегері.
Наградалары:
Халықаралық сыйлықтары: «Инновация үшін», Хьюстон қ. (АҚШ) және Дүниежүзілік мұнай-газ өнеркәсібі инженерлері қоғамының (SPE) «Бұрғылау саласындағы үздік жетістіктері үшін» (SPE Drilling Engineering Award), Баку қ. (Әзірбайжан); Королева Елизавета II сыйлығы: «Queen' s Award for Enterprise», «Ұлыбританияның мұнай-газ индустриясын дамытуға қосқан үлесі үшін» (Merlin ERD компаниясының құрамында), Лондон қ., Ұлыбритания.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді.