Bugin

Өзбекстан Қазақстанға нота жолдады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қаңтар оқиғасынан кейін өз азаматтарының тұтқындалуына байланысты Өзбекстан Қазақстанға нота жолдады. Бұл туралы Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Юсуп Кабулжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Өзбекстанның Нұр-Сұлтандағы елшілігі Қазақстан Сыртқы істер министрлігіне қаңтар оқиғасы кезінде тұтқындалған Өзбекстан азаматтары туралы толық ақпарат беруді сұрап нота жолдады.

Қазақстанда қаңтар айында болған жаппай тәртіпсіздіктерден кейін 18 шетелдік, оның ішінде 14 Өзбекстан азаматы қамауға алынғаны туралы мәлімет тараған болатын.

Өзбекстан елшілігі Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінен тұтқындалған азаматтар, олардың қамауда ұстау орындары және оларды жауапкершілікке тарту себептері туралы толық ақпарат беруді және қамауға алынғандармен консулдық кездесу ұйымдастыруды сұрайды.

- «Нұр-Сұлтандағы Өзбекстанның Елшілігі, сондай-ақ Алматы және Ақтаудағы бас консулдықтары Қазақстанның жер-жердегі құқық қорғау органдарының өкілдерімен тұрақты байланыста», - деп хабарлады Өзбекстан СІМ.