Bugin

Лукашенко: «АҚШ Қытаймен жеке қалып соғысу үшін бізге әскер енгізбек»

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Америка Құрама Штаттары «Қытаймен оңаша қалып соғысу үшін»  Шығыс Еуропа аймағында соғыс ұйымдастырғысы келеді. Бұл туралы Беларусь президенті Александр Лукашенко айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.  

Саясаткердің айтуынша, америкалық әскерлер кезінде Ауғанстанннан керек кезінде кетіп қалғаны үшін беларусьтықтар өздерін қауіпсіз сезіне алмайды. Лукашенко АҚШ ішкі және сыртқы мәселелерді шешу үшін өз әскерін пайдаланғысы келеді деп санайды.  

- «АҚШ славян орталығын өздерімен текетірестен мәңгілікке босатып,  Қытаймен оңаша қалып соғысу үшін бізге «әскер» енгізгісі келеді. Бұл олардың басты мақсаты», - деді Лукашенко.  

Ол Шығыс славян халықтарының ешқашан басқыншы болмағанын еске салды.