Bugin

Назарбаева КТК телеарнасындағы акциясынан айырылуы мүмкін бе?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстандағы рейтингі жоғары телеарналардың бірі – КТК-ның сатылатыны туралы ақпарат тарады. Осыған орай 28 ақпанда Алматыда «Коммерциялық телеарна» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді. Бұл туралы Bugin.kz порталы БЕСсимптомно Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Отырыстың күн тәртібіндегі негізгі мәселелер: жарияланған акциялардың санын ұлғайту, жарияланған акциялардың шығарылымына өзгерістер енгізу және оларды уәкілетті органда тіркеу.

Акционерлердің қайталама жиналысы, 1 наурызға белгіленді.

«КТК» АҚ жай акцияларының санын көбейтіп, сол арқылы негізгі акционерлердің бірінің үлесін сейілтуі мүмкін. Бұл сайып келгенде не телеарна иесінің өзгеруіне әкеледі, не компания сырттан қосымша қаржы тартады.

КТК негізгі акционері Тұңғыш Президент Қоры – 91,35% акция, оны Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы – Дариға бақылайды, қалған акциялар «Медиа-Инвест» ЖШС-не тиесілі – 5,81%.

Эльмира Жәмилова – КТК бас директоры. Осы жылдар ішінде «Қазақ радиосында», «Қазақстан» РТРКсында және «Хабар» агенттігінде қызмет етті. 2005 жылы Эльмира Жәмилова президенттікке кандидат Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлауалды штабының мүшесі болса, екі жылдан кейін «Нұр Отан» партиясының сайлауалды штабының мүшесі болды.