Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comМәжіліс депутаты, Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаева қазақ әйелінің қоғамдағы рөлі жайлы және Елбасы отбасында қалай тәрбиеленгені туралы айтты деп хабарлайды Bugin.kz порталы sputnik.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
- «Qazaq: history of the golden man” деректі фильмі кезінде режиссер Оливер Стоун Дариға Назарбаевадан қазақ даласында паранжы кию дәстүрі болған ба деп сұрады.
- «Біздің дәстүрімізде мұндай ешқашан болған емес, қазақ әйелі әрқашан қоғамдағы ерекше, құрметті және қадірлі орынды иеленген – әйел үйдің қазығы, ошақтың иесі. Мен мұны тіпті өз отбасымнан білемін», – деп жауап берді мәжілісмен.
Сонымен қатар Елбасының үлкен қызы отбасында әкесі Нұрсұлтан Назарбаевқа деген құрметтің ерекше болғанын атап өтті. Балалар оны жоғары лауазымды адам ретінде емес, әке ретінде бағалап, құрметтеген.
«Мен президенттің отбасында өспедім, ол ешқашан өзінің жұмысына қатысты мәселені айтпайтын, үйде біз оның карьерасын және қандай лауазым атқарып жүргенін талқыламайтын едік. Біздің анамыз оған зор құрметпен қарады. Ол кешке шаршап келген кезде, бәріміз оны қарсы алуға жүгіретінбіз, тәпішкесін беріп, киімін шешуге көмектесетін едік», – деп еске алды Дариға Назарбаева.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61