Қоғам

Тоқаев Митталға: Қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төленуге тиіс!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекет басшысы «АрселорМиттал» компаниясының басқарма төрағасы – бас атқарушы директоры Лакшми Митталмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Ақорда сайтына сілтеме жасап.

Бейнебайланыс режимінде өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Лакшми Миттал «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының жұмысына қатысты бірқатар өзекті мәселені талқылады.

Президентке компанияның инвестициялық бағдарламасы және өндірісті ұлғайту, өнімнің жаңа түрлерін шығару, сондай-ақ Қазақстанмен алдағы уақыттағы серіктестік аясында әлеуметтік міндеттемелерді орындау жөніндегі жоспары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ құрал-жабдықтарды жаңарту, материалдық-техникалық базаны жақсарту, кәсіпорындардағы еңбекті қорғау мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз етудің, халықаралық қауіпсіздік талаптарын сақтаудың және қызметкерлерді оқытудың аса маңызды екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық жұмысшыларға лайықты еңбекақы төленуге тиіс екенін айтты.

Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» компаниясының 2024 жылға қарай қалдықтарды 30 пайызға, ал 2030 жылға қарай 50 пайызға азайту, сондай-ақ осы стратегияны іске асыруға Қарағанды облысының жұртшылығын тарту үшін қабылдап жатқан шараларына ерекше назар аударылды.