Bugin
Ресейдің ірі 23 кәсіпкері Украина мен Ресей арасындағы дау-жанжалдың кесірінен $32 млрд байлығынан айырылды. Мұны Bloomberg есептеп шықты.
Bloomberg Billionaires Index-тің деректеріне сүйенсек, орыс олигархтары арасында ең көп жапа шеккен – Геннадий Тимченко. Агенттіктің есебінше, "Сибура" мен "Новатэк" компанияларының басшысы 2022 жылғы байлығының үштен бірінен айырылды. Яғни, $6,47 млрд.-тан айырылып, $16 млрд ақшасы қалған.
Айта кеткен жөн, кеше Ұлыбритания билігі Тимченкоға қарсы санкция енгізіп, британиядағы активтері бұғаттап тастаған еді. Әрі Ұлыбританияға кіруіне тыйым салды.
Ал "Новатэк" басқармасы төрағасы Леонид Михельсон $6,2 млрд, "Лукойл" компаниясының президенті Вагит Алекперов $3,5 млрд байлығынан айырылды.
Жалпы жыл басынан бері Ресейдің атақты 23 кәсіпкері $32 млрд байлығынан айырылған. Былтыр желтоқсанда $375 млрд болса, қазір $343-қа түсті.
Блумбергтің жазуынша, ресей байларының дәулетінен айырылып жатқаны ең алдымен РФ президенті В.Путиннің Донбасс пен Луганскіні тәуелсіз республикалар деп тануы себеп болған.