Әлем
Украинаның қорғаныс министрі Алексей Резников Ресейдің бұрынғы Кеңес одағын құруға ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Кремль Кеңес Одағын қайта құру үшін осындай әрекеттерге барып жатыр. Қол қойылған, мойындалған жерлерді бөліп тұрған жалғыз дүние бар. Бұл – Украина мен Украина сарбаздары», - деді ол.
Сонымен қатар министр халқын жұбатуға тырысты.
«Шығын болары анық. Алайда бұл қиын кезеңнен өтіп, іштегі уайымды жеңуіміз керек. Біз жеңіске жетеміз. Себебі, өз жеріміздеміз және шындық біздің жағымызда», - деді ол.