Bugin

Әлихан Бәйменов Назарбаевқа: Алладан кешірім сұра!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысының бұрынғы мүшесі, «Ақ жол» партиясының құрылтайшысы Әлихан Бәйменов тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы өз пікірін білді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Әлихан Бәйменов «Qasqa Jol» YouTube арнасына берген сұхбатында Назарбаевтың тарихта кім болып қалатыны туралы айтты.

«Мен ол кісінің басқару тәсілдері және мемлекетке сіңірген еңбегін айтсам, 1991-1995 жылдар аралығындағы оның көшбасшылығы өте маңызды болды. 1995 жылдан бастап, тежегіш күші болмай, пенделікке бой алдыра бастады. Өзін-өзі тежей алмағаны, кейбін пенделік қызықтары ол кісінің бұрынғы енбектерінің біразын шайып кетті», – деді саясаткер.

Сонымен қатар оның Елбасыға қандай тілек айтатыны туралы да сөз қозғалды.

«Алла берген өмірінде бейбіт, тыныш өмір сүріп, осы өмірде жасаған кемшіліктері мен қателіктері болса, сол үшін Алладан кешірім сұрап, қарапайым адам ретіндегі өмірін сүре берсін! Әр жастың өзіне тән қызығы болады… Бақыты болады… Соларды көрсін!» – деп түйіндеді саясаткер.