Bugin
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жаңа үкім шығарды, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Олардың хабарлауынша, шариғат бойынша әйел мен әйел, еркек пен ерке арасындағы жыныстық қатынас харам және оның ақыреттегі жазасы өте ауыр.
«Лесбиян, гей, бисексуал мен трансгендердің іс-әрекеттерінің шариғаттағы үкімі – харам. Бұл адам баласының жаратылысына қайшы келетін арсыздық. Кімде-кім өз жаратылысына қарсы шығып, жынысын ауыстырса, оның ашық адасқаны әрі ондай адам Алланың қарғысына ұшырайды. Мұндай адам шынайы тәубе етіп, емделуі қажет. Егер тәубе етіп, арсыз әрекетінен бас тартпаса, оның жаназасы оқылмайды және ақыреттегі жазасы өте ауыр болады» делінген үкімде.