Bugin
ҚР Ішкі істер министрлігі министр Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуі туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Министр әдеттегідей жұмыс істеп жатыр», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, бұған дейін желіде соңғы үш жыл бойы осы қызметті атқарған Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың қызметінен босатылады деген ақпарат пайда болған еді. Telegram арналарында оның орнына ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков тағайындалады деген болжам айтылды.