Bugin

Қаңтар оқиғасы: Полицияның ұрып-соғуынан 6 адам қайтыс болды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда қаңтар оқиғасына қатысты ұсталған 6 адам уақытша ұстау изоляторында қаза тапты. Мұны ҚР Бас Прокуратурасының өкілі, арнайы прокурор қызметінің бастығы Ризабек Ожаров "Казахстанская правда" басылымына берген сұхбатында айтты.

Бас прокурор өкілінің айтуынша, тәртіп сақшыларының "заңсыз әрекетіне" байланысты қылмыстық істер ашылған.

"Қылмыстық істер қаза табу фактісі бойынша ғана ашылды. Алматы тергеу изоляторында 2 адам, Шығыс Қазақстанда – 3 адам, Талдықорғанда – бір адам қайтыс болды", - деді Р.Ожаров.

Сондай-ақ, ол Талдықорған тергеу изоляторында жатқан, арқасында үтік басылып, қорлық көрген азаматтың ісіне қатысты да пікір білдірді.

"Қазір бұл факті бойынша тергеу жұмыстары жалғасуда. Ол жайлы міндетті түрде хабар береміз. Бір нәрсені айта кеткен жөн. Үтікпен күйдіру – жаппай таралған жаза емес, жекелеген факті ғана", - деп ескертті Ожаров.