Bugin

Ұлыбритания Украинаға $500 млн несие беруге дайын

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл соманы ағылшындар ресейдің агрессиясынан жапа шеккен украин экономикасын қалпына келтіру үшін $500 млн несие беруге дайын екенін жеткізді.

Мұны Форин-офис хабарлады..

Кепілдендірілген несиені Көптарапты дамыту банкі бермек.

"Біз тікелей экономикалық қолдау көрсетуге, қорғаныс қаруын беруге және Ресейдің сылтауын әшкерелеуге дайынбыз", - деді Ұлыбритания СІМ басшысы Лиз Трасс.

Айта кеткен жөн, Украинаға ЕуроОдақ пен АҚШ та қаржылай көмек көрсетуге уәде берген.

Мәселен, ЕуроОдақ қаңтар айында Ресей Украинаға қысымын күшейтсе, €1,2 млрд, ал АҚШ $200 млн әскери көмек беретінін мәлімдеді. Кейін АҚШ  $1 млрд несиеге берген еді.