Ulytau Youth Accelerator әлемдік жобаларға жол ашады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еліміздің техникалық мамандарына халықаралық деңгейде қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік туып отыр. Себебі, жастардың әлемдік жобаларда тәжірибе жинап, еңбек етуіне Ulytau Youth Accelerator көмектесуге дайын.  

- «Ulytau Youth Accelerator деген елдегі техникалық мамандардың әлеуетін көтеріп, әлемдік жобаларға қатысуға мүмкіндік беретін кешенді жоба. Биыл бұл жоба аясында нақты қоғамдық ортаға шығып, жұмысымызды бастадық. Бірақ, жоба 2 жылдан бері экспериментальды түрде жүзеге асып келді. Жоба 1,2-2,5 жылға дейін созылады. 1 жылдан кейін ТМД және еліміздегі жобаларға, 1,5 жылдан кейін халықаралық жобаларға қатыса бастайды. Қазіргі таңда, жиырмаға жуық тәлімгеріміз бар. Олардың жартысынан көбі халықаралық жобаларға қатысып жатыр. Сол жобалар арқылы өздерінің біліктілігін арттыруда. Ал қалған қатысушыларымыз отандық жобалардан көрінуде», - дейді Жансерік Төлеген. 

Аталған жоба, 18 ай бойы қатысушыны ағылшын тілі курсынан өткізіп, медиа әлемде дамуына көмектеседі. Сондай-ақ, 8 ай бойы қатысушыларға tech мақалалар жазғызып, 18 ай бойы АСМ есептерімен сынамақ. Қатысушыларға бағыты бойынша арнайы roadmap жасақталып, әркім өзіне тәжірибелі ментор таба алады. Ал, әр ментор өзіне бөлінген қатысушыларға аптасына 2 рет арнайы уақыт бөліп, жол көрсетіп отырады. 

- «Біздің форматымыз әлемдік жобаларда жұмыс істеп жатқан жастарды көмекке шақыру, яғни мұндағы қатысушыларға ментор қыламыз. Жұмысқа қабылданарда сұхбаттан қалай өту керек? Осының бәрін сол мамандар үйретеді. Бізді бітіргеннен кейін әлемдік немесе қазақстандық жобаларға қатыса алады. Сондай-ақ, өзі жаңа старт-ап жоба бастап кетуіне болады», - дейді Садық Шерімбек.  

UYA-ның артықшылығы Google, Meta, Amazon, Booking, Tesla, Yandex сынды әлемдік жобаларға жол ашады. Аталған жобаға қатысушы нәтижесінде елдегі ең үздік компанияға немесе жобаларға барып, нарықта өз жобаларын бастап кете алады.  

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61