Bugin
1953 жылы шотлан гвардиясы орыс императоры І Николаймен Қырым аймағында соғысып, "бір жерін бір-ақ айырған еді". Сол сияқты Ресей президенті Путиннің де бір жерін "айыру керек". Осылай деді Ұлыбританияның Қорғаныс министрі Бен Уоллес король әскерімен кездесуде.
Бұл жайлы The Scotsman басылымы жазды.
Басылымның жазуынша, Бен Уоллестің өзі бұрында шотлан атты әскерінде офицер болған екен. Бүгін Вестминстер ауданында орналасқан Атты әскер ғимаратында, Қырым соғысы бейнеленген картинаның жанында тұрып сөз сөйледі.
"Қазір Путин атты бәріне жеккөрінішті болған бір адам бар. Бәріне шірік болып бітті. Шынжырынан босаған иттей боп жүр. Шотлан әскері 1853 жылы орыс императоры І Николайдың әскерімен соғысып, түгін қалдырмай Қырымнан қуып шыққан еді. Путин де дәл Николай патшаның қателігіне басып отыр. Доссыз, жақтассыз қалайын деп тұр", - деді Уоллес.
Оның айтуынша, қазір Ұлыбритания 1 мыңдай атты әскер бар екен. Қауіп төнген кезде шабуылға шығуға дайын тұрған көрінеді.
Ал The Independent-тің жазуынша, қорғаныс министрі бұл сөзді ресми мәлімдемеде емес, әскерилермен жеке сөйлесіп тұрғанда айтқан.
Айта кетейік, Ұлыбритания Украинадағы елшілерін еліне қайтарып алды. Британ барлау қызметінің хабарлауынша, Ресей жақын арада бәрібір Украинаға басып кіретін көрінеді.