36 шенеунікке айыппұл салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Маңғыстау облысында 36 шенеунікке жалпы сомасы бір миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы Bugin.kz порталы 24 хабар арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Олардың арасында аудан, қала әкімдіктерінің мамандары мен облыстық басқарма басшылары бар.

Тексеру нәтижесінде былтыр 36 мемлекеттік қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Рұқсаттар беру мерзімі мен тәртібін бұзғаны, сондай-ақ негізсіз бас тартуы үшін барлығы 33 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

- «Біз олардан бір миллион екі жүз мың теңгедей ақша жинадық. Бізде, әрине, жер қатынастары саласында, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында, сәулет және құрылыс саласында, денсаулық сақтау саласында заң бұзушылықтар бар. Құқықбұзушылықтардың көбін Ақтау қаласы, Түпқараған және Қарақа аудандарының әкімдігінде анықтадық», – деді Маңғыстау облысы бойынша ҚӘК басқармасының басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов.

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61