Bugin

ЕуроОдақ Ресейге салған санкциясын күшейтті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Еуроодақ елдері Ресейдің "ДХР" мен "ЛХР"-ді тәуелсіз ел деп тануына қарсы толық санкция тізімін жариялады. Айта кетейік, бұған дейін ЕО Ресей мемлекеттік думасының 351 депутаты мен 27 тұлғаға санкция тізіміне енгізіп, олардың Еуропа елдеріндегі есепшоттары бұғатталатыны белгілі болған еді. Бүгін тізім тағы толықты. Бұл жолы 555 адам мен 52 ұйымға санкция салынды. 

Енді бүгін 27 тұлғаның толық тізімі жарияланды.

Шенеуніктер:

- РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу

- Экономикалық даму министрі Максим Решетников

- СІМ-нің ресми өкілі Мария Захарова

- Ресей президент әкімшілігінің басшысы Антон Вайно

- Вице-премьерлер Марат Хуснуллин мен Дмитрий Григоренко

Әскери қызметкерлер:

- РФ Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы Николай Евменов

- Қарулы күштер бас қолбасшысының орынбасары Владимир Касатонов

- Қара теңіз флотының қолбасшысы Игорь Осипов

- Жаяу әскердің бас қолбасшысы Олег Салюков

- Әуе-ғарыш күштерінің бас қолбасшысы Сергей Суровкин

- Әуе әскери күштерінің қолбасшысы Сергей Дронов

Санкцияға ілінген бұрынғы туысқандар:

- Кәсіпкер Евгений Пригожиннің анасы мен жұбайы – Виолетта мен Любовь Пригожиналар

- Денис Бортников – Федералды Қауіпсіздік бюросы басшысы Александр Бортниковтың ұлы

Банк пен корпоратив басшысы:

- ВЭБ банкі басшысы Игорь Шувалов

- ВТБ президенті Андрей Костин

Кремльмен ауызжаласқан БАҚ өкілдері:

- "Россия-1" тележүргізушісі Владимир Соловьев

- RT басшысы Маргарита Симоньян

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61