Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comУкраина президенті Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесуге әрекет жасағанын, бірақ жауап болмағанын айтты. Бұл туралы Bugin.kz порталы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Зеленский Украинаның қауіпсіздігі үшін Ресей Федерациясымен қандай форматта болса да сөйлесуге дайын екенін айтты.
- «Украинаның қауіпсіздігі көршілерімізбен тікелей байланысты. Бірақ біздің басты мақсатымыз – Украинадағы бейбітшілік пен азаматтарымыздың қауіпсіздігі. Ол үшін біз барлығымен, соның ішінде Ресеймен кез келген форматта, кез келген платформада сөйлесуге дайынбыз» - деді Владимир Зеленский
Украина президенті ел қауіпсіздігі кепілдігін Будапешт меморандумына қол қойған Ресей мен басқа елдерден талап ететінін айтты.
- «Сіз НАТО-дан қауіпсіздік кепілдігін талап етесіз», - деді ол Ресей басшысына.
Зеленский Украинаға соғыс қажет емес, ел өзін қорғауға дайын екенін айтты.
- «Біз анық білеміз: бізге соғыс қажет емес – суық та, ыстық та, гибрид те. Бірақ, әскерлер бізге шабуыл жасаса, елімізді, бостандығымызды, өмірімізді тартып алмақ болса, біз өзімізді қорғаймыз. Шабуыл жасамаймыз, қорғаймыз» - деді Украина президенті.
Украина Ресей Федерациясына қауіп төндірмейді
Зеленский Украинаның Ресейге қауіп төндірмейтінін айтты.
- «Сіздерге Украина Ресейге қауіп төндіруі мүмкін деп айтып жатыр», - деді ол Ресей Федерациясының тұрғындарына орыс тілінде.
Ол Украина мен Ресей арасындағы соғыстың ықтималдығы тұрғындарына байланысты екенін айтты.
- «Ресейліктер соғысты қалайды ма? Мен бұл сұраққа жауап бергім келеді. Бірақ жауап тек сіздерге, Ресей Федерациясының азаматтарына байланысты», - деді Зеленский.
Жау болуға себеп жоқ
Зеленский орыстар мен украиндар әртүрлі, бірақ бұл жау болуға негіз емес деді. Сондай-ақ, ол Украинадағы нацизмге қатысты барлық айыптауларды жоққа шығаратынын айтты.
- «Біз фашистерміз дейді, ал нацизмді жеңу үшін сегіз миллионнан астам адамы жан берген халық нацизмді қалай қолдайды, мен қалай фашист боламын? Бүкіл соғысты жаяу әскерде бастан өткерген атама айтыңыз. Кеңес әскері, Украинада полковник шенінде қаза тапты», - деді президент.
Ол ресейліктерге арнаған үндеуінде орыс тілінде сөйлеп, украиндықтардың өткенін еске алатынын, бірақ «өз тарихын анықтап, құрғысы келетінін» айтты.
Зеленскийдің айтуынша, Украина халқы бейбітшілікті қалайтынын айтты.
21 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды. Путин Ресей Сыртқы істер министрлігіне ДХР және ЛХР-мен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуды, ал қорғаныс министрлігіне өз аумақтарында бейбітшілікті сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды. Украина бұл шешімді өзінің аумақтық тұтастығына қол сұғу деп атады. Зеленский ел өз аумақтарын ешкімге бермей, реттеудің дипломатиялық жолын қарастырғаны жжөн деп есептейтінін мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61