Bugin
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comУкраина астанасы Киев пен Борисполь, Одесса, Краматорск и Харьков сынды қалаларында ірі жарылыс басталды. Мұны Украинаның Сыртқы істер минстрлігі хабарлады.
CNN тілшісінің жазуынша, бұл – зымыран жарылысы, нақтырақ айтсақ, Киевке зымыран жіберілген. Жарылыс шамамен астана уақыты бойынша 09.00-10.00 аралығында болған.
Ал Борисполь қаласында әскери бөлім жарылды. Қазір өрт сөндірушілер барып, отты өшіріп жатыр.
"Одесса, Харьков пен Бердянскіде ірі жарылыс болды. Краматорскіде тағы бір жарылыс орын алды", - деп хабарлады Украина Сыртқы істер министрлігі.
Ал CNN тілшісі Киев қаласында тұрып тікелей эфирден "Жарылыс тоқтамай тұр. Жеті, бәлкім сегіз рет жарылыс болды" деді.
Ал Reuters агенттігінің жазуынша, Киев қаласының түбінде артиллериялық атыс пен жарылыс болып жатыр. Атыс шамамен астана уақыты бойынша 09.00-де (украин уақытымен таңғы 05.00) басталған.
Сондай-ақ британиялық BBC тілшілері де Киевте дүркін-дүркін жарылыс болып жатқанын хабарлап жатыр.
AFP агенттігінің журналисі Киевтің дәл ортасында екі жарылыс болғанын айтады.
Айта кеткен жөн, бүгін таңертең РФ президенті В.Путин Украинаны демилитаризация жасау үшін әскери операция өткізетінін мәлімдеген. Батыс елдері мұны Украинаға басып кірудің амалы, соғыс бастаудың реті деп бағалауда. Украинаның Сыртқы істер министрлігі Путиннің бұл мәлімдемесін "соғыс басталды" деп бағалады.
Украинада қазір Төтенше жағдай орнады. Ел аумағында әуе рейстері тоқтады.
Ресейдің Қорғаныс министрлігі "Украина қарулы күш инфрақұрылымдары, әскери ғарыш және авиация, әуе қорғаныс нысандарына шабуыл бастағанын" хабарлады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61