Bugin

Криптовалюта қолдану харам ба? - Мүфтият жауап берді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мүфтият мұсылмандарға криптовалюта қолдануға тыйым салды. Олар мұндай шешім қабылдауға үш түрлі себеп келтірді. Біріншіден, шариғатқа сәйкес, кез-келген ақша мемлекеттен шығарылып, оның қорғауында болуы тиіс.

- «Биткойн ұлттық валюта емес. Бұл орталықсыздандырылған виртуалды ақша, мемлекеттік органдар тарапынан кепілдік берілгенімен, қаржылық заңдар арқылы қорғалмаған. Ол кез-келген уақытта құлдырап, не өсіп кетуі мүмкін. Бұдан халық зардап шегеді», – делінген хабарламада.

Екінші себебін мүфтият биткоин-процестердің жабық өтетінімен, мұның алаяқтыққа алып келетінімен түсіндіреді. Үшіншіден, биткоин валюта немесе тауар ретінде бақылауға алынбайды, бұл ішкі экономикаға, қоғамға кері әсерін тигізеді делінген.

Кембридж университетінің мәліметі бойынша, Қазақстан биткоин майнинг көлемі бойынша әлемде екінші орынға шыққан, үлесі 18,1 пайыз. Бірінші орында АҚШ, үлесі 35,4 пайыз.