Әлем

«Көрмегенді көрсетеміз»: Путин қақтығысқа сырттан ешкімнің араласпауын сұрады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгін Донбасс қаласында әскери операция жүргізуді бұйырған Ресей Президенті Владимир Путин аталған қақтығысқа сырттан ешкімнің араласпауын талап етті деп хабарлады Bugin.kz порталы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ресей Украинаның шығысындағы тәуелсіз ел ретінде мойындалмаған Донецк пен Луганск республикаларының тәуелсіздігін «жариялаған» болатын. Артынша АҚШ пен Еуроодақ елдері Ресейге жаңа санкциялар салғанын хабарлады.

«Бұл жағдайға сырттан араласқандарға Ресейдің беретін жауабы лезде болады. Ал ол жауаптың салдары өте ауыр болады. Тарихта бұрын-соңды көрмегенді көрсетеміз. Біз кез келген жағдайға дайынбыз. Қажетті шешімнің бәрі қабылданды», – деді Владимир Путин бүгінгі үндеуінде.