Bugin
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс аймағына Қазақстаннан бітімгерлік күш жіберу туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Жалпы бұл жағдайда мынадай мәселе маңызды: Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) мүшесі. Осыған байланысты сұрақ туындайды: қақтығыс аймағына қазақстандық бітімгерлер жіберілуі мүмкін бе? Мұнда біздің позиция анық. БҰҰ жарғысына сәйкес және басқа да құжаттарға сәйкес, Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен тысқары жерлерге бітімгерлерді тек БҰҰ мандатына сәйкес қана жібере алады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың жарғысына сәйкес ҰҚШҰ елдерінің бітімгершілік күштері, ҰҚШҰ елдері аумағында ғана қолданылады. Қақтығыс аймағы ұйымға қатысушы елдер аумағына кірмейді. Сондықтан осы шарттарға, ратификацияланған келісімдерге сәйкес ҰҚШҰ шеңберіндегі бітімгерлерді қақтығыс аймағына жіберуге құқығымыз жоқ», - деді Сенат спикері.