Bugin
Қытай Украинада басталған әскери іс-қимылды тоқтатуға әлі де мүмкіндік барын мәлімдеді.
"Қытай Украинадағы жағдайды назардан тыс қалдырмайды. Жағдайды одан әрі шиеленістіріп, эскалацияға бармас үшін тараптарды сау ақыл мен салқынқанды шешім қабылдауға шақырамыз. Дағдарысты бейбіт жолмен шешуге қашанда мүмкіндік бар", - деді Қытайдың БҰҰ жанындағы тұрақты ресми өкілі Чжан Цзюнь.
Диалогтың қажеттілігін атап өткен Чжан Цзюнь украин мәселесінің тым ушығып кеткенін әрі оған жан-жақты фактор әсер еткенін алға тартады.
"БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттары бірлесіп сақталуы керек. Сол үшін бейбіт келісім мен диалогқа барады деген сенімдеміз. Қытай да бейбіт келіссөздер жүргізуді жалғастырады", - деді ол.
Айта кеткен жөн, қазір Қытай Украинадағы жағдайға байланысты дезинформация жібермес үшін ақпарат кеңестігін толық бақылауға алатынын әрі Ресейге қарсы сыни пікірді толық тексеріске салатынын айт0ан.