Әлем

Украина шекарасына Ресей, Беларусь және Қырымнан шабуыл жасалды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украинаның мемлекеттік шекарасына Ресей, Беларусь және Қырым шабуыл жасады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Украинаның мемлекеттік шекара қызметіне сілтеме жасап.

«Шекара бөлімшелеріне, шекара отрядтары мен бақылау-өткізу бекеттеріне шабуылдар артиллерия, ауыр техника мен атқыштар арқылы жүзеге асырылады. Бұл Луганск, Сумы, Харьков, Чернигов және Житомир облыстары шегінде болды. Сонымен қатар шабуыл уақытша оккупацияланған Қырым Автономиялық Республикасының территориясында да болды», - делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, шекара учаскелеріндегі жағдайға байланысты шекарашылар Украина қарулы күштерімен және Украина Ұлттық гвардиясымен бірлесе отырып оқ жаудырған.

Зардап шеккендер туралы ақпарат нақтыланып жатыр.