Әлем
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comУкраина президенті Владимир Зеленский соғысты тоқтатуды талап етті, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Мен АҚШ президенті Джозеф Байденмен, Германия канцлері Олаф Шольцпен, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсонмен, Еуропалық кеңес төрағасы Чарльз Мишельмен және Польша президенті Анджей Дудамен сөйлестім», – деді үндеудің басында Владимир Зеленский.
Бұған қоса, ол соғыс қимылдарын дереу тоқтатуға шақырды.
«Мен Путинді дереу тоқтауға шақырамын! Украинаға және әлемге қарсы соғысты тоқтатыңыз! Біз Путинге қарсы коалиция құрып жатырмыз. Шұғыл санкциялар жарияланады. Украинаға қорғаныс және қаржылық қолдау керек. Әлем Ресейді бейбітшілікке мәжбүрлеуі керек», – деді ол.
Айта кетейік, 24 ақпан күні Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге үндеуінде Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61