Bugin
Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев Қазақстанда атом электр станциясын салуды қолдады. Оның айтуынша, бірнеше жылдан кейін Қазақстанда электр энергиясы тапшылығы туындауы мүмкін, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Ол атом электр станциясын салу мәселесіне мұқият қарау керектігін атап өтті.
«Атом электр стансасы қайда орналасатынын білмеймін. Мүмкін Балқашта немесе Ертістің жағасында орналасатын шығар?!» - деді Бозымбаев.
Айта кетейік, бір күн бұрын Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаментінің директоры Жаслан Қасенов қуаттылығы 1000-1200 мегаватт болатын бір энергоблоктың құрылысына 5 миллиард долларға жуық қаржы қажет екенін айтқан болатын.