Bugin
Алматы іргесіндегі «Алтын Орда» базарына қатысы бар фирмалар бюджетке 20 миллион теңге салық төледі. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
«Алтын Орда» базарында тәртіп орнату туралы президенттің тапсырмасы бар. Қазір соған дайындалып жатырмыз. Сондықтан сәулет, санитарлық бақылау, фитосанитарлық бақылау, ветеринарлық бақылау, тиісті салықтан бастап барлық бағыттар бойынша жұмыстар жүргізілетін болады», - деді Бозымбаев.