Bugin

Заңгер Мәсімов қанша уақытқа сотталуы мүмкін екенін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Аманат комиссиясының төрағасы Абзал Құспан ҰҚК бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bugin.kz порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Абзал Құспан Ulysmedia.kz порталына берген сұхбатында Мәсімов өмір бойы түрмеде отыруы мүмкін деген болжамын айтты.

Ол Мәсімов аса ауыр айыптау бойынша қылмыстық жауапқа тартылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қасіретті қаңтар кезінде кейбір нысандарға жоғарыдан тапсырма келгені белгілі.

«Ішкі істері органдары болсын, Ұлттық қауіпсіздік комитеті болсын – мынадай ереже бар: біріншіден онда сөзсіз, билік иерархиясы қатты сақталады. Жоғарыдан келген тапсырманы, бұйрықты орындауға міндеттісіз. Ол бұйрық талқыланбайды, орындалады деген ереже бар. Бірақ егер бұйрық көрінеу заңсыз болса, онда бұйрыққа емес, заңға бағынасың деген норма бар. Бұл – өте қатаң сақтауды қажет ететін, өте бір күрделі ереже. Өзіңіз ойлап қараңызшы, өмір бақи олар курсант кезінен бастап бұйрыққа бағынуды үйренеді. 20 жыл бойы бұйрыққа бағынып келеді. Ал бір осындайда басшылары ешқайда шықпаңдар, араласпаңдар деген секілді бұйрық берсе, олар қиын жағдайда қалады», - дейді заңгер Абзал Құспан.

Заңгер сұхбат кезінде мұның бәрі оның жеке пікірі екенін еске салды. Сондай-ақ, Абзал Құспан Жамбыл облысында ҰҚК департаментінің басшысы Ермеков деген азамат заңсыз бұйрыққа бағынбай, ҰҚК ғимаратын сақтап қалған да айтты.

«Ал көптеген жерде, мысалы Алматыдағы ҰҚК басшысы ғимаратты тастап кеткені, ол жерде көптеген құнды құжаттың жоғалып кеткені туралы ақпарат шығып жатыр. Бұл масқара жағдай. Оған кінәлі кім? Сол саланың тікелей басшысы Кәрім Мәсімов. Ол екі орынбасарымен бірге қамауға алынды. Сондықтан, менің ойымша, ол кісілерге қатысты қылмыс толығымен дәлелін тауып, тиісті жазасын алады деп есептеймін. Өмірлік бас бостандығынан айырылса да, мен таңғалмаймын», - деді Құспан.